Қытайдағы «ең биік сарқырама» жалған болып шықты
Юнтай сарқырамасының биіктігі 314 метр. Ол Қытайда ғана емес, Азиядағы ең биік сарқырама ретінде танылады.
Туристер Юнтай сарқырамасын тамашалау үшін 17 доллар төлейді, өткен жылы мұнда 7 миллион адам келіп, жергілікті билікке 90 миллион доллар табыс әкелген. Алайда жақында желіде сарқыраманың ішінара жасанды екенін дәлелдейтін видео пайда болды, ондағы су ағыны құбырлар жүйесімен қамтамасыз етіледі екен. Еске салсақ, бұған дейін Қытайдағы хайуанаттар бағының қызметкерлері иттерді ақ-қара түске бояп, келушілерге оларды панда деп сендірген.
Дереккөз: South China Morning Post
Фото: unofficialnetworks.сom