Қытайда жалқау туристерге арналған тауға көтеретін эскалатор пайда болды

🌐 В мире
30.10.2023
Просмотров: 233

Таньюй тауы Чжэцзян провинциясында орналасқан және оның биіктігі 350 метр ғана. Алайда оның жолы қиын болғандықтан, қарт кісілер мен кішкентай балалар үшін қолжетімсіз болды.

Енді жаңа эскалатордың арқасында кез келген адам Таньюй тауынан керемет көріністі тамашалай алады, деп жазады Oddity Central. Ал туристердің пікірлері екіге бөлінді: біреулері: «Енді тауға шығудың еш мәнісі қалмады» деп жатса, басқалары: «Мен бір де бір қадам жасамай-ақ керемет жерлерді көруге мүмкіндік алдым. Менің балам бақытты», деп қуанышымен бөлісіп жатыр.

Метки: Қытай

Так же вам может быть интересно