Қытайда тым жас көрінетін 27 жастағы жігіт жұмысқа орналаса алмай жүр
Мао Шен 10 жастан аспаған кішкентай балаға ұқсайды. Мұны білген адамдар жігіттің жолы болғыш екенін айтады. Алайда Маоның өзі бұл ерекшелігіне қуанып отырған жоқ.
Тым жас көрінгендіктен Маоны жұмысқа ешкім алғысы келмеген. Жұмыс берушілер бала еңбегін заңсыз пайдаланды деген айыпқа қаламыз деп қорыққан. Шарасыз қалған жігіт өз хикаясын Желіге жариялап, танымал болды. Осыдан кейін Мао бірнеше жұмыс ұсынысын алды.
https://www.youtube.com/watch?v=wpiAO_V785c
Дереккөз: Oddity Central