Қытайда мысықтың батасы үшін храмға мыңдаған адам келуде

🤠 Курьезы
12.03.2025
Просмотров: 177

Мойнында алтын алқасы бар төрт аяқты «діни қызметкер» Тик Ток жұлдызына айналды.

Мармелад (Jellybean) есімді мысық храмның жанында күн астында жатуды әдетке айналдырған. Келушілер онымен қолын беріп амандаса бастаған. Иесі мұны видеоға түсіріп алып, Тик Токта жариялаған. Видео 1,5 миллионнан астам қаралым жинап, ғибадатханаға күнделікті мыңдаған адам келе бастады. Келушілер мысықтың батасын алу үшін кезекте жарты сағаттап тұруға дайын. Бұл шынымен де байлық пен сәттілік әкеледі дейді адамдар.

Дереккөз: South China Morning Post 

Так же вам может быть интересно