Қырғызстандық файтер жекпе-жектен алған гонорардың жартысын тәжікстандық спортшыға беруді өтінді
24 жастағы Нурланбек уулу Марсел Hardcore Fighting Championship MMA турнирінде 21 жастағы ресейлік Григорий Беляевтан басым түскен.
Жекпе-жектен кейін Нурланбек уулу өз гонорарының жартысын «Карате» лақап атымен танымал тәжік спортшысы Камил Хасановқа беруді өтінген. Бұған Хасановтың сырқат анасы себеп болған. Осылайша файтер әйел адамның жазылып кетуіне өз көмегін тигізбекші. Спортшының бұл әрекеті Желі қолданушыларын тәнті етті.
Дереккөз: Спутник Қырғызстан