Қазақстанның жаңа үш облысы 1 шілдеге дейін бөлінеді
Ол уақытқа дейін жаңа өңірлердің шекарасы анықталады. Сондай-ақ, қаржыландыру мәселесі шешіледі. Бұл туралы қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлім етті.
Еске салайық, Семей аймағында Абай облысы құрылады. Орталығы Семей қаласы болады. Бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысы пайда болады. Облыс орталығы – Жезқазған қаласы. Сондай-ақ, Алматы облысы екіге бөлінеді: Жетісу және Алматы облыстары. Алматы облысының орталығы Қапшағай, ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады.
Дереккөз: Спутник