Қазақстанның оңтүстігі мен батысында 200 жаңа мектеп салынады

Ол үшін 20 млрд тенге бөлінбек. Әкімдіктерге білім беру нысандарын салу жоспарын әзірлеуге бір апта берілді.
Еске салайық, жақында Қазақстанның үздік мұғалімдерін Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарына жұмысқа тарту жоспарланып жатқаны белгілі болды. Ол үшін педагогтардың жалақысын көтеріп, жалға берілетін баспана мен коммуналдық қызметтер төлемімен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.