Қазақстаннан Қытайға тамызда жаңа рейс ашылады
7 тамыздан бастап Air China әуекомпаниясы Чэнду — Нұр-Сұлтан рейсін іске қосады. Ол жексенбі күндері Airbus 320 ұшағымен орындалады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 45 минутты құрайды.
Чэнду — Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы. Дәл осы жерде ақ панда өсіру және қорғау үшін ерекше қорық бар, өйткені бұл қала осы жануарлардың отаны болып саналады. Еске салсақ, қазіргі уақытта Чэндуға Алматыдан да ұшуға болады.
Дереккөз: Tengri Travel