Қазақстандықтардың денсаулығын жаңа салық арқылы қорғау ұсынылып отыр
Ұлттық экономика министрлігі құрамында қант мөлшері жоғары өнімдерге салық енгізу мәселесін қарастыруда.
Қант қосылған сусындарды шамадан тыс тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларына, қант диабетіне және артық салмақ қосуға әкелуі мүмкін. Қазір бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігі, алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілер қауымдастығы мен «Атамекен» ұлттық палатасымен пысықталып жатыр.
Дереккөз:
Фото: Pixabay