Қазақстандықтар теңгедегі депозиттері бойынша мемлекеттен 10%-дық өтемақы ала бастады

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ пен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктерге 306,6 млрд теңге аударған.
Мемлекет тарапынан 10%-дық өтемақыны алатын салымшылар саны — 2,6 млн адам. Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде тиесілі өтемақыға өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.
Еске салайық, теңгелік депозиттер бойынша 10%-дық сыйлықақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық банкінің қаражаттары есебінен төленеді. Банктер сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы ақпанға дейін қабылдады. Өтініштерді қабылдау биылдың 10 ақпанында аяқталды. Депозиттегі максималды сома 20 миллионнан аспауы керек.
Дереккөз: kaz.tengrinews
Фото: Pixabay