Қазақстандықтар қаңтарда 13 күн демалады

🇰🇿 Новости Казахстана
20.12.2021
Просмотров: 118

Жылдың соңғы күні 31 желтоқсан жұмаға түсіп тұр. Бұл – жұмыс күні. Ал қаңтарда 10 демалыс және 3 мереке күні бар.

1 және 2 қаңтарда ел тұрғындары Жаңа жылды атап өтеді. Мерекелер сенбі және жексенбіге түсіп тұр, сондықтан олар дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады. 5-6 қаңтар — жұмыс күндері.  7 қаңтарда ел тұрғындары Рождествоны атап өтеді. Биыл бұл мереке жұмаға түсіп тұр. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Жалпы аптасына бес күн жұмыс істейтіндер келер жылдың қаңтарында 13 күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады.

Так же вам может быть интересно