Қазақстандықтар енді әуе рейс кешіккені үшін өтемақы алады
Әуе компаниялар әр сағат үшін билет құнының 3%-ын төлеуге міндеттеледі. Тиісті норма көлік сұрақтары бойынша заң жобасына енгізіледі.
Жолаушылар рейс кешіккен әр сағат үшін билет құнының 3% қайтара алады. Алайда жалпы сома билет құнынан аспауы керек. Айта кетсек, 2020 жылдың соңына қарай шамамен 51 мың рейстің 6 735-сі кешіккен. Яғни әрбір сегізінші ұшақ уақытында ұшпаған.
Дереккөз: Stan.kz
Фото: Pexels