Қазақстандықтар 2022 жылдың 3 айында 32 млрд теңгеге тісін емдеткен

💄 Красота и здоровье
10.01.2023
Просмотров: 428

Өңірлік тұрғыда қызметтің ең көп көлемі Алматы қаласында көрсетілді – 8,7 млрд теңге. Екінші орында — Астана (7,1 млрд теңге), ТОП 3 Шығыс Қазақстан облысы (1,3 млрд теңге) енді. 

Тіс емдеу қызметтері ең аз көрсетілген өңір — Түркістан облысы (336,5 мың теңге). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. Тіс емдеу қызметтерінің негізгі көлемі (5,5 млрд теңге) бюджет қаражаты есебінен, 23 млрд – халықтан түскен қаражат және 3,3 млрд – кәсіпорындардың қаражаты есебінен орындалды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, 2022 жылы біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үйге алу азайып, емделу үшін пайдалану көбейе түсті. 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін БЖЗҚ жалпы сомасы 318,9 млрд теңгеге емделуге 401 975 өтінішті орындады. Көбінесе (өтініштердің 96% астамы) қазақстандықтар өздерінің жинақтарын медициналық мақсаттарда стоматологиялық қызметтерге пайдаланады. Өтініштердің тек 2,8% офтальмологиялық қызметтерді алу мақсатында орындалды.

Фото: Pexels

 

Так же вам может быть интересно