Қазақстандық жігіт Африкада ауыз суы құдығын ашуға көмектесіп, игі іс жасады
Ақтау қаласының тумасы Жәнібек Жарасұлы көпшіліктің арқасында 10 күннің ішінде 1,1 млн теңгеден астам қаражат жинаған.
Қазақ жігіті қазір Стамбұлда оқиды. Ол Африкадағы балаларға көмек көрсетуге шақыратын хабарландыруды көріп қалған. Содан кейін қаражат жинай бастаған. Камерунда Жәнібектің командасы ауызашар ұйымдастырып, оған 620 ауыл баласы келген. Ал ең басты сыйлық — ауыз су құдығының ашылуы болды.
«Балалардың қуанып жатқан видеоларын көріп, жүрегім дүрсілдеп кетті. Олар жай ғана тамақ пен суға қуанып жатыр. Кейде біз қанағатты ұмытып, жай ғана бақытты болуды білмей жатамыз»,
— дейді Жәнібек.
Дереккөз: Lada.kz
Фото: fft.org