Қазақстандық теннисші қыздар әлемдік рейтингте тұңғыш рет алғашқы ондыққа енді

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-шы орыннан бірден 9-орынға көтерілді.
Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артта қалдырды. Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.
Дереккөз: Қазақстан теннис федерациясы