Қазақстандық теннисші Australian Open-нің финалына шықты

⚽ Спорт
27.01.2022
Просмотров: 133

Анна Данилина Үлкен Дулыға турнирінде бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жұптық санатта өнер көрсетеді. Жартылай финалда олар жапониялық Сюко Аояма мен Ена Шибахарадан басым түсті.

Анна мен Беатристің финалдағы қарсыластары жуырда белгілі болады. Олар доданың 1-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синякова немесе ресейлік Вероника Кудерметова – бельгиялық Элиза Мертенс болмақ. Айта кетейік, Анна Данилина әйелдер арасында «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші.

Так же вам может быть интересно