Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Едіге Емберді Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға ие болды.
Астана қаласының намысын қорғайтын спортшы 2022 жылы 17 жасқа дейінгі кіші жассөспірімдер арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Сол додада қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруде 134 келіні бағындырып, жалпы есепте топ бастады. Ал серпе көтеруде 172 келіні басынан асырды. Бұл әлемдік рекорд саналады, деп хабарлайды Қазақпарат.
Фото: Olympic.kz