Қазақстандық полицейлер бәтеңкенің орнына кроссовка кие бастады
Отандық тәртіп сақшылары жаңа жұмыс киіміне ауысып жатыр. Аяқкіимнің формасы бірінші рет өзгеріске ұшырап отыр.
Енді полиция қызметкерлеріне үйреншікті туфли мен бәтеңкенің орнына «кроссовка» киюге рұқсат берілді. Полиция өкілдері жаңа форманың өте ыңғайлы, қолданыса икемді екенін айтады. Жаңа аяқкиім табанға жақсы жатқанымен қоса буын шығып, жарақат алудан сақтайтын көрінеді.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: Polisia.kz