Қазақстандық мұғалім Ники Минаждың саунд-продюсері атанды
Ерқанат Садуханов Абай облысындағы мектепте биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді және ұстаздық қызметін сүйікті ісімен қатар алып жүр.
Музыкалық әлемде ол @eraholic лақапатымен танымал. Бұған дейін Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa-мен жұмыс істеген. Ал енді Ники Минаждың «Pink Friday 2» альбомының делюкс-нұсқасының саунд-продюсері атанды. Альбомның тұсаукесері 13 желтоқсанында жоспарланған.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: Instagram/@eraholic