Қазақстандық модель Cardi B-дің жарнамасына түсті
Алена Субботинаның агентіне түсірілімге қатысу туралы ұсыныс түскен. Жарнама Лос-Анджелесте Голливуд төбесіндегі үйде бір күнде түсірілген.
Аленаның айтуынша, бұдан бұрын ол Cardi B туралы естімеген, және жаңа ұсынысты қалыпты жұмыс ретінде қабылдаған. Десе де, әншіні қатты құрметтейтінін айтады. Айта кетейін, алматылық Алена Субботина модельдік мансабын 16 жасында бастаған. 2011 жылы ол халықаралық деңгейге шығып, Givenchy-дың шоуына шықты. Одан кейін, Алена Vivienne Westwood, Jean Paul Gaultier, Armani және Adidas подиумдарын бағындырды.
Дереккөз: Tengrinews