Қазақстандық мектептерде «өзін-өзі тану» енді міндетті пән ретінде оқытылмайды
Білім және ғылым министрлігіне пәнді мектеп бағдарламасынан шығару туралы ұсыныстар көптеп түскен.
Келесі оқу жылынан бастап»өзін-өзі тану» факультативтік санатқа ауыстырылады. Яғни бұл пән тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқытылады. Еске салайын, «Өзін-өзі тану» пәні алғаш рет мектептерде 2001 жылы сынақ жоба ретінде енгізіле бастады. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап ол міндетті пәнге айналды.