Қазақстандық мектептерде екі жылдық үзілістен кейін соңғы қоңырау дәстүрлі түрде өтті

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады. Оның 8 мыңнан астамы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер.
Жалпы 2022 жылы елімізде 3,5 млн-нан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Іс-шара кезінде аниматорларды, әртістерді шақыруға, дастархан жаюға тыйым салынды. Айта кетсек, биыл білім гранттарының саны 88 мыңнан асады. Олардың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді.
Дереккөз: Білім және Ғылым Министрлігі