Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі қашан ашылады

🇰🇿 Новости Казахстана
09.07.2024
Просмотров: 78

Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі шілдеде пайдалануға беріледі.

Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы тоннелдің ұзындығы — 840 м. Оның ашылуы қыс мезгілінде жүргізушілерге кедергісіз жүруге мүмкіндік береді. Оған қоса, қыркүйекте Алматы агломерациясы үшін транзиттік маңызы зор, ұзындығы 6 шақырым болатын Шамалған стансасындағы автомобиль жол айрығы іске қосылады. Үшінші жоба – еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізімен байланыстыратын 262 шақырымдық «Мерке – Бурылбайтал» автожолы пайдалануға беріледі. Төртінші жоба — Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан 1,3 мың метрлік көпірдің құрылысын да биыл аяқтау жоспарланған. Жаз мезгілінде паром арқылы, қыс мезгілінде мұздың үстімен жүретін тұрғындар үшін көпірдің ашылуы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етеді.

Дереккөз: Tengrinews 

Фото: Unsplash

Так же вам может быть интересно

Халықаралық журнал Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне қосты
Гарри Поттердегідей: колледж немесе университет таңдауда көмектесетін «үлестіруші қалпағы» пайда болды
Британское МВД выдало паспорт медвежонку Паддингтону и теперь он гражданин страны
Добросовестным водителям хотят снизить стоимость автострахования в Казахстане
Ерлі-зайыптылар ұрыста жеңу үшін жасанды интеллект қолдана бастады
В китайских школах нейросеть научилась вызывать к доске, причем находит тех, кто не готов отвечать (ВИДЕО)
Бритни Спирс вышла замуж за саму себя
В Казахстане открыли самый длинный мост в стране