Қазақстанда жыл басынан 9 мыңнан астам азамат қандас мәртебесін алды

Тарихи отанына оралғандардың жартысынан көбі Өзбекстаннан келген (69%).
Сондай-ақ, Қытай (10%), Түрікменстан (7%), Моңғолиядан (4%) қоныс аударғандар бар. Этникалық қазақтар негізінен Алматы (30%), Маңғыстау (18%), Түркістан (9%) және Жамбыл (6,5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5%), Нұр-Сұлтан (7%) және Шымкент (8%) қалаларына қоныстанды. Еске салсақ, Қазақстан Тәуелсіздік алғалы 1 млн астам қандас елге оралды.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: qandastar.kz