Қазақстанда жұмыс берушілер қай сала мамандарына жоғары жалақы ұсынады?
Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 97,3 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 191,1 мың түйіндеме орналастырды.
Ең көп жалақыны жұмыс берушілер өндірістегі база бастықтарына ұсынған – 900 мың теңгеден бастап. Екінші орында — жобалаушы инженерлер — 800 мың теңге, үздік үштікте — бас құрылысшылар (790 мың теңгеден басталатын жалақы) ұсынылған. Ал жалақының ең жоғары мөлшерін көбіне өз түйіндемелерінде «үлкен деректермен жұмыс жөніндегі мамандар» сұраған (орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап). Топ үштікке «бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі басшы» (1,2 млн теңгеден бастап) және «өндірістік операциялар жөніндегі инженер» (1,2 млн теңгеден бастап) сұрайтын мамандар кірді.
Дереккөз: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Фото: Unsplash