Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің шарттары жарияланды
Енді су жаңа отандық көлікті алғашқы жарнасыз алуға болады. Оның жылдық мөшерлемесі 4 пайыз, ал несие мерзімі 7 жылды құрайды.
Жеңілдетілген автонесие қымбат емес көліктерге беріледі. Осылайша, 71 мың адам жаңа көлікті қолжетімді бағамен ала алады, — деп мәлімдеді Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында. Еске салайық, жеңілдетілген автонесие бойынша Hyundai, JAC, Chevrolet, KIA және LADA автомобильдері қолжетімді.