Қазақстанда жас мамандарға арналған  байқау өтеді: жеңімпаз 1 миллион теңге сыйақы алады

🇰🇿 Новости Казахстана
19.06.2024
Просмотров: 202

«Jas Kenes Siylygy» байқауына 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады.

Жобаның мақсатты аудиториясы –қазақстандық қоғам үшін маңызды экономикалық салаларда жұмыс істейтін, күнделікті еңбегі көптеген отандастар үшін жиі көзге түспейтін жас қазақстандықтар. Өтінімдер 7 номинация бойынша қабылданады. Әр номинация бойынша екі жеңімпаз таңдалады. Ал «Jas Kenes Siylygy» лауреаттары 1 миллион теңге сыйақы алады. Конкурсқа өтінім қабылдау 18 маусымнан 21 шілдеге дейін жалғасады. Оны Jaskenes.kz сайтында беруге болады , деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Pixabay

Так же вам может быть интересно