Қазақстанда жаңа облыстар қашан құрылатыны белгілі болды
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары 2022 жылдың бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін құрылады.
Ал премьер-Министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл шешім осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеріп, жергілікті тұрғындардың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік береді. Еске салайық, 16 наурызда жолдау барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Семей аймағында Абай облысы, бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысы құрылады, ал Алматы облысының қазіргі территориясы екіге бөлінеді.