Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлер күні жыл сайын 15 сәуірде атап өтіледі.
Тиісті үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Түсіндірме жазбада айтылғандай, мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлердің еңбек ұжымы республика бойынша шалғай аудандарды қоса алғанда, облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді. Қызметкерлердің жалпы саны 20 мыңнан астам адамды құрайды.
«Алайда бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласының бөлшегі екенін сезінбейді», — делінген түсіндірме жазбада.
Дереккөз: Спутник
Фото: YK-news.kz