Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері жолаушылар тасымалы алғаш рет 10 млн адамнан асты

2022 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ға артып, 9,9 миллион жолаушыны құрады.
Болжам бойынша, 2022 жылғы тасымалданған жолаушылар саны шамамен 10,8 миллионға жетеді. Қаңтар-қараша айларында отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша 7 млн жолаушыны, халықаралық бағыттар бойынша – 2,9 млн. жолаушыны тасымалдады.
«Air Astana» әуе компаниясының жолаушылар ағыны шамамен 3,7 миллион адамды, «FlyArystan» – 3,0 миллионға жуық, «Qazaq air» – 0,5 миллион және «SCAT» – 2,7 миллион адамды құрады.
Дереккөз: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Фото: Pexels