Қазақстанда соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді

🇰🇿 Новости Казахстана
19.01.2023
Просмотров: 606

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы бұйрығына сәйкес, мектептердегі соңғы қоңырау 31 мамыр болып бекітілген еді. Алайда елімізде 31 мамыр ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні екені ескеріліп, соңғы қоңырауды 1 маусымға ауыстуру туралы шешім қабылданды. Осылайша, оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады.  Оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды.

Дереккөз: Қазақпарат

 

Так же вам может быть интересно