Қазақстанда ресми түрде үш жаңа облыс құрылды
Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру туралы жарлық бүгіннен бастап күшіне енді.
Территориясы бойынша ең үлкен өңірлердің бірі – 226 мың адам тұратын Ұлытау облысы. Оның орталығы – Жезказган. Абай облысы Шығыс Қазақстан облысынының құрамынан бөлінді. Орталығы – Семей. Абай облысында 640 мың адам тұрады. Жетісу облысы Алматы облысы құрамынан бөлінді. Орталығы Талдықорған. Мұнда 650 мың адам тұрады.
Фото: Maps-of-the-world