Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдары ашылады
Екі ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде өткен келіссөздер кезінде осы мәселені талқылады.
Сонымен Қазақстанда Ұлттық ядролық зерттеу университеті, Губкин атындағы университет және Бауман атындағы техникалық университетінің филиалдары ашылады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан президенті техникалық білімге көбірек назар аударып, Болашақ бағдарламасының бағытын өзгертуді тапсырған болатын.
Дереккөз: Tengrinews