Қазақстанда оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту ұсынылды
Оқу-ағарту министрлігіның ұсынысына сәйкес, балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады. Яғни, жазғы демалысқа шығудың айырмашылығы небәрі 5 күн болмақ.
Бұған дейін сарапшылар оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту және оқу жылын 20 тамыздан бастау мәселесін қарау туралы өтініш білдірген еді. Себебі, Қазақстан әлемдегі демалыс күндері ең ұзақ елдер қатарына кіреді. Біздің оқушылар 130 күн демалады. Ал басқа елдерде демалыс мерзімі — 80 күннен 100 күнге дейін құрайды.
Дереккөз: Спутник