Қазақстанда некені тіркеуге өтініш беру мерзімі қысқармақ

🇰🇿 Новости Казахстана
14.06.2022
Просмотров: 100

Бір айдан 15 күнге дейін. Сондай-ақ әртүрлі өмірлік жағдайларды ескере отырып, өтініш беру мерзімін қысқарту мүмкіндігі сақталады.

Жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше жағдайлар ескеріледі. Дәлелді себептер болса, некені тіркеу мерзімін бір күнге дейін қысқартуға болады. Айта кетсек, Қазақстанда соңғы 10 жылда тіркелген некелер санының тұрақты өсуі байқалады. 2018 жылы 138 мың неке қиылса, 2021 жылы 140 мың жұп некеге тұрды. Қазақстанда ер адамдар орташа алғанда 26-29 жаста, ал әйелдер 23-28 жас аралығында некеге тұрады.

Дереккөз: Спутник 

 

Так же вам может быть интересно