Қазақстанда көлігі жоқ отбасыларға жеңілдетілген автокредит берілуі мүмкін
Жалпы бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр.
Мәселен, көпбалалы отбасыларды, күш құрылымы қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдау жөнінде кіші бағдарламаны қосу ұсынылды. Сондай-ақ «Бірінші отбасылық автомобиль» кіші бағдарламасын қосу мүмкіндігі қарастырылған. Жеңілдетілген автокредит бағдарламасының негізгі шарттары: 1 жеңіл автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы керек, несие мерзімі – 7 жылға дейін және де сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-тен аспауға тиіс.
Дереккөз: Спутник