Қазақстанда еттің сапасын көрсететін QR код енгізіліп жатыр
Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін толық қадағалау жұмысын жүргізуде.
Бұл QR ет сататын орындарда тұрады, ол малды ветеринарлық тексерусіз және сараптамасыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді. Сатып алушы жануардың толық өмірлік циклы туралы ақпарат алатын болады.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: Unsplash