Қазақстанда ең жиі кездесетін фамилиялар аталды

🇰🇿 Новости Казахстана
23.12.2022
Просмотров: 127

Қазақстанда ең көп тараған фамилия – Ахметов(а). Ұлттық статистикалық бюроның мәліметінше, ол 66 091 адамда кездеседі.

Рейтингтегі екінші орында Серік — 45 193. Үшінші позицияда — Омаров(а) тегі. Қазақстанда бұл фамилия 40 322 адамда бар. Төртінші орында Оспанов(а) – 36 142. Топ 5-те — Әлиев(а) тегі (35 387).
Ең көп таралған фамилиялар қатарына Ким – 34 811, Сүлейменов(а) – 29 988, Марат – 28 008, Амангелді – 27 297 және Болат – 24 542 кірді.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 1 қарашасындағы Қазақстан халқының саны – 19 715 782 адамды құрады.

Фото: gov.kz

Так же вам может быть интересно