Қазақстанда Батырхан Шүкеновтің құрметіне коллекциялық монеталар шығарылады

🇰🇿 Новости Казахстана
18.05.2022
Просмотров: 167

Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монетада Қазақстан стрит-артының белгілі жұмыстарының бірі — REPAS командасының «Батыр бейнесі» граффитиі бейнеленген.

Авторлар өз туындысын монетаның дизайнында пайдалану құқығын Ұлттық банкке өтеусіз негізде берді. 5 мың данадан тұратын Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталардың сатылымға шығарылатын күні Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады. Еске салсақ, бүгін, 18 мамырда Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толды. 20 мамырда Алматыда Батырды еске алу концерті өтеді.

Дереккөз: Ұлттық банктің ресми сайты 

 

Так же вам может быть интересно