Қазақстанда балалар паспорты екі есе арзандуы мүмкін

Тиісті өзгерістерді Салық кодексіне енгізу жоспарланып отыр.
Құжатта кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен (27 600 теңге) 4 АЕК-ке (13 800 теңге) дейін төмендету ұсынылған.
Сондай-ақ заң жобасында сотқа жүгінетін кезде борышкер адам үшін 0,3 АЕК (1 035 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж мөлшерлемесі белгіленген. Бұдан бөлек, жеке тұлғаның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін сотқа жүгінген кезде өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру және соттың теріс шешімі болған кезде оны қайта жаңарту көзделіп отыр.
Дереккөз: ҚР Парламентінің Сенаты
Фото: Gov.kz