Қазақстанда автонесие алу талаптары жеңілдеді — қаржылық ауыртпалық қарастырылмайды

Банктер автонесие бермес бұрын әдетте қарыз алуға өтініш берген адамды мұқият тексеріп, оның табысына ғана емес, сонымен қатар басқа несиесінің бар-жоғына да назар аударады, яғни оның борыштық жүктеме коэффициентін тексереді. Егер ол тым жоғары болса, несие беруден бас тартады.
Ал бүгіннен бастап банктер қаржылық ауыртпалықты қарастырмайды: егер Қазақстанда алғаш рет тіркелетін жаңа автокөлік алып жатсаңыз; 50 пайыз бастапқы жарнасы төленсе – пайдаланылған автомобильдер үшін; ал үш жылға дейін пайдаланылған автокөлікке 30 пайыз бастапқы жарна салу қажет, деп хабарлайды Nur.kz. Айта кету керек, бұл – уақытша шара, ол 2026 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңде қолданылады.
Фото: Pixabay