Қазақстанда Әлеуметтік кодекс жобасындағы өзгертулер ұсынылды

🇰🇿 Новости Казахстана
08.02.2023
Просмотров: 495

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сенат депутаттарына әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

Бірінші новелла – бұл мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылатын Отбасының цифрлық картасы (ОЦК). Оны енгізудің басты мақсаты қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту (500 мыңнан астам ананы қамтиды) көзделген; ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі балаларға арналған бастапқы капитал ретінде енгізу (6 млн-нан астам баланы қамтиды); 6-дан көп баланы дүниеге алып келген аналарға наградталған ана деген жаңа мәртебе қаралып, жәрдемақы мөлшерін ұлғайту (250 мыңнан астам ананы қамтиды).Осы жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға жарналарды төлеу кезеңіне сәйкес МӘСҚ-тен 6 айға дейін бұрынғы табысының 45% мөлшерінде төлемдер көзделген.

Осы жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға жарналарды төлеу кезеңіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 6 айға дейін бұрынғы табысының 45% мөлшерінде төлемдер көзделген.

Дереккөз:

Фото: hse.ru

 

Так же вам может быть интересно