Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді
Бүгіннен бастап Байқоңырға кіріп-шығу жеңілдейді. Бұрын Байқоңырға кіру үшін азаматтар барлық құжатын алдын ала жіберуге тиіс болатын. Өйткені оны комиссия тексереді. Сөйтіп бір аптадан кейін ғана рұқсат қағазын алатын. Енді 1 желтоқсаннан бастап қалаға кіреберісте арнайы маман Қазақстан азаматтарына бірден рұқсат қағазын жазып береді. Жаңа жүйе әзірге пилоттық режимде жүзеге асырылады.
Қазақстанда қысқы демалыс кезінде қосымша пойыздар жолға шығады. Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылда Нұр-Сұлтан-1 — Шымкент, Алматы-2 — Нұр-Сұлтан Нурлы жол бағыттары бойынша жүреді. Пойыздар стандартты купеден және плацкарттық вагондардан тұрады. Сондай-ақ, Астана-Павлодар бағытындағы электр пойызы қосымша рейстерді орындайтын болады.
Жүргізушілер үшін маңызды ақпарат: 1 желтоқсаннан бастап жазғы доңғалағын ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынады. Көлік иелері бүгіннен бастап 1 наурызға дейін қысқы доңғалақпен жүруге міндетті. Ереже алғаш рет бұзылған жағдайда, 5 АЕК немесе 17 250 теңге, ал бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК, яғни 34 500 теңге айыппұл салынады.
Қазақстандықтарды қосымша демалыс күндері күтіп тұр! Желтоқсан айында елімізде Тәуелсіздік күні атап өтіледі, биыл 16 желтоқсан сенбімен тұспа-тұс келгендіктен, дүйсенбіде қосымша демалыс болады. Сондай-ақ, жаңа 2024 жылы тағы екі күн демалады – 30-31 желтоқсан мен 1-2 қаңтар аралығында.
Фото: Pixabay