Қазақстанда 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қалай өседі?

🇰🇿 Новости Казахстана
03.01.2023
Просмотров: 440

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 70 мың теңге болады. Жұмыс берушілер қызметкерлерге ЕТЖ-дан төмен емес деңгейде жалақыны қамтамасыз етуге тиіс.

Педагогтер

1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледж педагогтерінің, сондай-ақ, қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25%-ға өседі. Сонымен қатар, мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер белгіленеді. 30%-дан 50%-ға дейінгі үстемақы біліктілік санаты үшін, магистр дәрежесі үшін, ағылшын тілінде пәндерді жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін беріледі.

Денсаулық сақтау қызметкерлері

Биыл дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, ал медбикелердің жалақысы 20%-ға дейін өседі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәрігердің орташа жалақысы 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерінің жалақысы 249 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.

Өртсөндірушілер

Төтенше жағдай министрлігі мәліметінше, 2023 жылы лауазымдар санатына байланысты жалақы мөлшері 10-70%-ға өседі.

Полиция

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бастап полиция қызметкерлерінің жалақылары өседі:

жоғары оқу орындарының оқытушылары 33%-ға;

орталық аппарат инспекторлары 23%-ға дейін;

аудандық деңгейде 21%;

аймақтық деңгей 18%;

кіші басшы құрам 19%;

сыртқы қызметтердің қызметкерлері 13%;

патруль полиция қызметкерлері 10%-ға дейін.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап полицияда үш жылда бір рет макроэкономикалық көрсеткіштерге байланысты жалақы индекстеледі.

Әскери қызметшілер

2023 жылы Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақысын орта есеппен 60%-ға арттыру жоспарланып жатыр.

Студенттердің стипендиясы

2023 жылғы 1 қыркүйегінен бастап университет студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақы 15%-ға өседі.

Дереккөз: kaz.tengrinews

Фото: Freepik

Так же вам может быть интересно