Қазақстан жастары бизнес дамытуға 1,2 млн теңге грант ала алады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі гранттар көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады.
Биыл 20 мың адамды гранттармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысатын жас мамандардың жалақысы да өседі. Айына 92 мың теңгеге дейін. Ал жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімдері тиісінше 1 жыл және 1,5 жылға дейін ұзарады.
Дереккөз: Еңбек және халықты қорғау министрлігі