Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең бақытты мемлекет атанды

Еліміз әлемдегі ең бақытты мемлекеттер тізімінде 5 сатыға жоғарылап, 40 орында тұрақтады. Осылайша Қазақстан ТМД елдерінің барлығын басып озды.
Өзбекстан 53 орында, Қырғызстан 64-ші, Беларусь 65-орында, ал Ресей 80 орында жайғасты. Ал әлемдегі ең бақытты ел – Финляндия. Бұл мемлекет рейтингте бесінші жыл қатарынан көш бастап тұр. Үздік үштікке Дания, Исландия және Швейцария кірді. АҚШ 16-орында. World Happiness Report рейтингі 2019-2021 жылдар аралығында жүргізілген сауалнама нәтижесінде негізделген. Оған әлем бойынша 9 миллион адам қатысқан.