Қазақстан суперкомпьютерді жасауға кіріседі

🇰🇿 Новости Казахстана
13.02.2024
Просмотров: 167

Цифрлық даму министрлігі Presight AI компаниясымен бұл туралы келісімге тұрғаны туралы хабарлады.

Суперкомпьютердің іске қосылуы Қазақстанды жасанды интеллект саласындағы Орталық Азия көшбасшына айналдырады. Министрлік бұған сенімді. Жобаны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. Біріншісі Электрондық үкіметтің операторы жұмыс істеп тұрған деректер орталығында есептеу қуатын орналастыруды көздейді, ал екіншісі жаңа деректер орталығының құрылысын қарастырады. Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда суперкомпьютер жасалатыны мәлімдеген болатын.

Дереккөз: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 

Фото: Pixabay

Так же вам может быть интересно