Қазақстан құрамасының футболшысы Ресейдің Премьер-Лигасының клубына ауысты
«Зенит» пен алматылық «Қайрат» 21 жастағы Нұралы Әліпті жалға алу туралы келісімге келді.
Ақтау тумасы «Қайрат» сапында 99 кездесу өткізіп, бес гол соққан. Командамен бірге Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, ел кубогының екі дүркін иегері атанды. Қаңтарда ол Зенитті көруге шақыру алды. Оқу-жаттығу жиынында ол екі гол соқты.
Фото: fc-zenit.ru