Қазақстан құрамасы Азия ойындарында төртінші алтын медаль жеңіп, үздік ондыққа кірді

⚽ Спорт
02.10.2023
Просмотров: 126

Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлер арасындағы жұптық жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 метр қашықтықта алдына жан салмай, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетері, осы алтын жүлденің арқасында Қазақстан құрамасы енді үздік ондықты түйіндеп отыр. Спортшыларымыз осы уақытқа дейін 36 медаль (4 алтын, 7 күміс пен 25 қоланы) жеңіп алды.

Дереккөз: Спутник

Фото: Olympic.kz

Метки: Азиада

Так же вам может быть интересно