Қазақстан Пхукетте консулдық ашады

✈️ Путешествия
24.04.2024
Просмотров: 61

Бангкокқа сапары барысында Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу тайландтық әріптесі Панпри Пхиттхануконмен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Таиланд арасында қосымша тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігін де талқылады.

2023 жылы Тайландқа 172 мың қазақстандық барған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда үш есеге көп. 2024 жылдың қаңтар-ақпанында Тайландқа Қазақстаннан 58 мың турист келген. Еске салсақ, Қазақстан мен Таиланд екі ел арасында визасыз режим орнату туралы келісімді мақұлдады. Оған сәйкес қазақстандықтар Таиландта үздіксіз 30 күн бола алады. Ал алты айдың ішінде барлығы 90 күн жүруге болады.

Дереккөз: Tengri Travel  

Фото: Unsplash

Метки: Таиланд

Так же вам может быть интересно